Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігі және білім министрлігі оқушылардың екінші тоқсанда қандай форматта білім алатынын талқылап жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
"Бұл мәселе талқыланып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, елімздің әр өңірінде COVID-19 жұқтырған оқушылар бар. Дәстүрлі форматта оқитын балаларға қарағанда қашықтан білім алатындар арасында вирус жұқтыру қаупі жоғары. Білім министрлігімен бірлесе мектепте оқытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді қарастырып жатырмыз. Кезекті тоқсан қандай форматта өтетіні әлі талқылануда ", – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Асқар Мамин мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мектептерді дәстүрлі режимге ауыстыру мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.
Тағы көру