461.39
534.75
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балалар Шарын шатқалында табиғатпен танысып, командалық ойындарға қатысты
Жаңалықтар

Балалар Шарын шатқалында табиғатпен танысып, командалық ойындарға қатысты

20.06.2026
мин
0
26

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Адам ресурстары «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі және Жетісу ауданының демалыс орталықтарының бірлесіп ұйымдастыруымен балаларға арналған танымдық-экологиялық тимбилдинг және демалыс іс-шарасы өткізілді. Экскурсияға 100 адам қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, табиғатпен жақын таныстыру, экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және қатысушылар арасында ұйымшылдық пен командалық рухты нығайту.

Іс-шара барысында балалар Шарын шатқалының ерекше табиғи ландшафтымен, экожүйесімен және табиғи байлығымен танысты. Қатысушылар табиғаттың әсемдігін тамашалап, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпараттар алды.

Бағдарлама аясында табиғат аясында серуендер, командалық ойындар мен түрлі танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды. Балалар Шарын шатқалының табиғи ерекшеліктерін бақылап, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы мәліметтермен танысты.

Сонымен қатар қатысушыларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тимбилдинг бағдарламасы барысында балалар командалық ойындар мен тапсырмаларға белсенді қатысып, бірлесіп жұмыс істеу, өзара қолдау көрсету және ортақ мақсатқа жету дағдыларын дамытты. Белсенді демалыс пен табиғат аясындағы қозғалыс балалардың физикалық белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік берді.

Шарын шатқалында өткізілген іс-шара балалардың танымдық қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың табиғатқа деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл