Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әрбір ата-ана баласының баспаналы болуын қалайды. Осы тілекті ескеріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Арнау» балалар депозитін ашты.
Балаларды қорғау күнінде күшіне енген бағдарлама небәрі 2 пайыздық мөлшерлемемен пәтер алуға мүмкіндік береді. Бірақ депозитке қаражатты баланың кішкентай кезінен жинай бастаған жөн. Себебі, салымшы кем дегенде 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде пәтер бағасының 50%-ын жинауы қажет. Жинаған қаражатқа жыл сайын 20% (жыл ішінде жиналған 200 АЕК-ке (айлық есептік көрсеткішке) дейінгі жинақ сомасына) көлемінде мемлекет сыйақысы және жылдық 2% мөлшерінде банк сыйақысы беріледі.
«Арнау» депозитін баланың заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы) ғана аша алады. Ал жинақтау мерзімі өткен соң жылдық мөлшерлемесі 2%-ды құрайтын тұрғын үй заемы кәмелет жасына жеткен баланың атына ғана рәсімделеді. Сондай-ақ депозиттегі шарт сомасының бағалау көрсеткіші 48-ге жетуі керек.
Ескеретін жайт, «Арнау» депозитін өзге депозитпен біріктіруге, басқаға табыстауға және аталған депозитке басқа тарифтік бағдарламалардан ауысуға болмайды.
Депозиттің қосымша артықшылықтары қандай?
Тағы көру