Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балалар субұрқаққа шомылу арқылы вирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Астана қалалық жедел жәрдем станциясы ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі Сабыр Нарқұлов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Ауа райына байланысты жеңіл киініңіз. Басыңызға жеңіл қалпақ киіп, күннен қорғайтын көзілдірік тағыңыз. Ағзаңыздың сусыздануына жол бермеу үшін өзіңізбен бірге су алып жүріңіз. Ас үлесінен майлы және қуырылған тағамдарды алып тастау ұсынылады. Бұл тағамдар ағзаға шамадан тыс жүктеме түсіреді. Сонымен қатар алкогольден, шөл қандырмайтын газдалған және тәтті сусындардан бас тартқан жөн. Ең дұрысы, ас мәзіріңізде дәруменге бай әрі ағзаға тез сіңетін көкөністер мен сорпалар болғаны жөн», - деді ол.
Оның атап өтуінше, күндізгі уақытта терезелерді жауып, ал кешкі уақытта бөлмелерді салқындату үшін терезелерді ашу қажет.
«Ауабаптағыштар да қауіпті. Температураның бірден ауысуы жоғары тыныс жолдарының, аурына, дене қызуының көтерілуіне, суық тиюге алуып келуі мүмкін екенін ескертеміз. Балалар субұрқақта шомылу арқылы вирустар мен зиянды микроорганизмдерді жұқтырып алуы да мүмкін. Даладан келе сала суық суға шомылмаңыз. Бұл басқа да ауруларға түрткі болуы ықтимал», - дедіі Сабыр Нарқұлов.