| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылды діни сала аясында "Ислам және адал қоғам" жылы деп жариялап, бұл бастаманың әділеттілік пен қоғам алдындағы жауапкершілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дәстүрлі бағдарлық баяндамасын жасап, 2026 жылды діни салада "Ислам және адал қоғам" жылы деп жариялады.
Бас мүфти ислам дінінің адамды Алла мен қоғам алдында жауапкершілікке тәрбиелейтінін атап өтіп, әділетсіздікпен күресу мен адал қоғам қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті міндеті екенін айтты. Бұл бастама азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруды көздейді.
Жиынға ҚМДБ өкілдері, өңірлердің бас имамдары, кеңес мүшелері, дін ғалымдары мен зиялы қауым қатысып, оффлайн және онлайн форматта өтті.