Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатта "Ashyq" жобасында вакцина алғандарға және қайта вакциналаудан өткендер үшін берілетін деңгейлер мерзімі көрсетілген, Dauletten.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жаңа қаулы бойынша вакцинаның бірінші дозасын алған адамдарда "Ashyq" жобасындағы "жасыл" деңгей тек 21 күн ғана сақталады. Егер 21 күннен соң екінші дозасын алмаса, "жасыл" деңгейге "көкке" ауысады.
Егер COVID-19-ға қарсы екпенің екі дозасын алған болса, "жасыл" деңгей 1 жылға сақталады.
Қайта вакциналаудан өткен азаматтарда "жасыл" деңгей вакцина алған күннен бастап бір жыл сақталады.
Қаулы 10 желтоқсанда күшіне енді.