Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде құрылыс шығындарына лимит қойылды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
"Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың инвестициялары тартылатын құрылыс нысандарының құнын көтеру жағдайларын болдырмау мақсатында жобалау және сараптама кезеңіндегі шығындарға шектік лимит белгіленді", - делінген хабарламада.
Аталмыш ұсынысты индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен объектілерді салу кезіндегі шығындарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі селекторлық кеңесте білдірді. Кеңес премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті.
Мемсараптама порталында шығындар лимитін анықтауды автоматтандыру мақсатында (epsd.kz) объект құрылысының шектік құнын есептеуге мүмкіндік беретін онлайн-калькулятор әзірленді.
Сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманың деректер банкі негізінде сметалық нормативтер (ІСН) қалыптастырылады, олардың мәні жобаны іске асырудың шектік құны болмақ.
Тағы көру