Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде пәтерлердің құны бір жыл ішінде 13%-ке дейін өсті. Зейнетақы жинағындағы қаражатты жылжымайтын мүлік жағдайын жақсартуға пайдалануға байланысты баспана бағасы қымбаттады. Бұл туралы КТК арнасының сюжетінде айтылды.
Қазіргі кезде екінші нарықтағы баспана бағасының шаршы метрі – 230 мыңға жетті.
Жылжымайтын мүлік агенттігі тобының бас директоры Айнұр Құдайбергенованың айтуынша, баспананы сатуға қойған адамдар оның бағасын негізсіз көтеріп отыр. Бұрын шамамен 12 млн болған баспана бағасы бүгінде 13,5-15 млн-ға бағаланған.
Экономистер жинақтағы соманы ала алатын азаматтар саны 700 мыңнан астам, яғни халықтың небәрі 6%-і екенін алға тартты.
Десе де, нарықта баспана бағасы өсуде. Бір жыл ішінде Павлодар және Қарағанды қалаларында өсім байқалады. Ең қымбат пәтер бағасы еліміздің бас қаласы мен Алматыда. Тараз және Петропавлда жылжымайтын мүлік арзанға түседі.
Осы ретте, мамандар баспана алуға асықпауға кеңес береді. Жылжымайтын мүлікті максималды құны бойынша сатып алу қаупі тым жоғары. Жаз мезгілінде бағалар бұрынғыша болуы мүмкін.
Тағы көру