Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облыстық филиалының отырысында аз қамтылған отбасыларға бастапқы жарнасыз тұрғын үй сатып алу мәселесі талқыланды. Басқосуға партия белсенділері, жергілікті әкімдік және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Жиын барысында жергілікті атқарушы органдарға ұсыным әзірленетін болды. Аталмыш жоба аясында көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар баспаналы бола алады. «Өз тұрғын үйім» бағдарламасының басты мақсаты – алғашқы жарнасыз қайталама нарықтағы пәтерді сатып алу. Қазіргі кезде өңір бойынша 20 мың адам үй кезегінде тұр. Алайда олардың басым көпшілігі бастапқы жарна есебінен баспана ала алмайтын әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар.
«Мысалы, өңірге баспана салу үшін 5 млрд теңге бөлінді дeлік. Арнайы құрылған комиссия тұрғын үй алуға өтініш берген отбасыларды іріктейтін болады. Егер банк мақұлдаса, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алу кезегінен шығарылады да, банк арқылы алғашқы жарнасыз пәтерге ие болады», - деді ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшысы Талғат Телеубаев.
Тағы көру