Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысында "Бизнеске жол" жобасы аясында 150 кәсіпкердің құқығы қорғалып, мемлекеттік сатып алу саласында орын алған заңбұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Нәтижесінде 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Былтыр Дина Жанғалиева Оралдағы 30 мектепке турникеттер орнату тендерін жеңіп алғанымен, тапсырыс берушілер Төтенше жағдайлар департаментінен қосымша құжаттар сұраған. Кәсіпкер құжаттардың көптігі жұмысты қиындатқанын айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінуге мәжбүр болды.
Дина Жанғалиева, кәсіпкер:
- Барлық жағдайды түсіндірдік, келісімшартта бұл құжаттар талап етілмеген. Нәтижесінде құқығымыздың бұзылғаны белгілі болды, мәселе шешімін тапты. Мемлекеттік сатып алу саласында кәсіпкерлерге негізсіз кедергілер көп кездеседі. Биыл облыстағы 150 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Әділхан Сабыров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
- Оралдағы №1 мектеп заңсыз әрекет жасады деген шағым түсті. Тапсырыс беруші тауарды жеткізбес бұрын алдын-ала келісуді талап еткен, тіпті жеке телефон нөмірін берген. Бұл әрекет құқықбұзушылық болып саналады.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да кәсіпкерлер мен инвесторлардың шағымдарын назардан тыс қалдырмады. Олар облыстық прокуратура және қаржы полициясымен бірлесе жұмыс атқаруда.
Светлана Хисаметдинова, өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
- Кәсіпкерлер палатасына көптеген өтініштер түседі. Біз мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымданған жағдайларды атап өткіміз келеді. Жыл басынан бері 114 өтініш түсіп, оның 67-сі оң шешімін тапты. Кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, 38 млн теңге қайтарылды.
Жалпы өңірде 63 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелсе, оның 58 мыңы жұмыс істеп тұр.