Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысында құны 2 трлн теңгені құрайтын жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы өңірлік әкімдікте хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, өңірде 70 жоба іске қосылмақ. Инвестицияның жалпы көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды. Жобаларды іске асыру барысында 7,1 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Жаңа өндіріс қуаты агроөнеркәсіптік кешенде, мұнай-газ өндірісінде, химия өнеркәсібінде, құрылыс және туризм саласында іске қосылады.
Сондай-ақ, әкімдік мамандары биыл екі кәсіпорынның іске қосылғандығын хабарлады. Өңірде Қарашығанақтағы газ бойынша өндірістік шектеулер жобасы іске қосылды. Жоба құны - 445,6 млрд теңге. 1,1 мың жұмыс орны құрылды.Сонымен қатар, облыста құны 2 млрд теңге болатын жиһаз фабрикасы салынды. Нәтижесінде, 100 жұмыс орны ашылды.