Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Күнделікті өмірде біз өз ақшамыздың қайда кетіп жатқанына аса мән бермейміз. Ал кейбір мамандардың пікірінше қалтадағы қаржыны дұрыс жұмсау кез-келген адамның әсіресе отбасылы жандардың қағидасына айналуы керек екен. Бір ай жұмыс істеп, жалақы түскеннен кейін оңды-солды шашатынымыз жасырын емес. Біле білсеңіз бұл мәселенің де алдын алуға болады.
Ең алдымен бюджетті дұрыс басқара білу керек. Бюджет – бұл пайдалы құрал, оның көмегімен біз:
Қаржылық сауаттылықты жетілдіріп, бір айдың ғана емес бірнеше жылдың осы қаржыға қатысы бар мәселелерін жоспарлап қоюға болады. Әрине, қазіргі таңда кім болса да бай болғысы келеді. Кезінде Бенджемин Франклин: «Егер бай болғың келсе, көп табыс табуды ғана ойламай, оны үнемдеуді де үйреніңіз» деген екен. Саралап қарасаңыз қаржылық сауаттылық үнемдеуден тұратынын байқайсыз.
Алған қойған мақсатыңыздың 100% орындалғанын қаласаңыз қаржыны жоспарлаудағы мына қағидаларды қатаң сақтаңыз:
1. Әр айдың бюджетін ойластырып, содан асырмауға тырысыңыз;
2. Шығындарыңызды қадағалаңыз;
3. Жоспарланғаннан асып кетсе, нақты шығындарға зер салыңыз;
4. Барлық шығындардан кейін қалатын соманы емес, бюджетте жоспарлаған соманы қалдырыңыз;
5. Оқыс оқиға болған жағдайда отбасылық шығындарға түсетін қаржылық қысымды жеңілдететін төтенше резерв құруды ұмытпаңыз;
6. Қаржылық мақсатыңызды дұрыс жоспарлаңыз: сізге қандай сома қажет екенін, қай күнге дейін екенін және оны жинау мүмкіндігіңізді нақтылаңыз;
8. Табанды болыңыз және әр істі бүгіннен бастаңыз!