Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Бек эйр» жолынан қалдырған жолаушыларына 54 миллион теңгеден астам билет құнын төлеп беретін болды.
Алматы соты осындай шешім шығарды. Одан бөлек, қосымша шығындар үшін деп тағы 16 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі керек.
Былтыр желтоқсанда болған ұшақ апатынан кейін әуе компаниясының қызметі тоқтатылған еді. Ал билет алып қойған жолаушылар жолынан қалып, оның үстіне, билет құнын да қайтара алмай қалған. Бірақ, «Бек эйрдің» әлі де басынан дау арылмайтын сияқты. Себебі, сотқа шағым түсіріп үлгермеген жолаушылар да бар.