Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов оңтүстік өңірлерде суармалы суды рұқсатсыз және тиімсіз пайдалануға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысы еліміздің оңтүстігіндегі суару маусымының өтуі және суармалы сумен қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Түркістан мен Қызылорда облыстарының әкімдері баяндама жасады.
Су тапшылығы мәселесі өткір күйінде қалуда
Министрлік дерегінше, қазіргі уақытта еліміздегі су қоймаларында 19,2 млрд текше метр су бар. Оның 98 пайызы оңтүстіктегі бес өңір – Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі. Бұл аймақтарда шамамен 1,2 млн гектар егістік жер суарылады.
Биылғы суару маусымында аталған өңірлерге 10,1 млрд текше метр су беру жоспарланған. 15 шілдедегі жағдай бойынша соның 7 млрд текше метрі пайдаланылған, маусым соңына дейін тағы 3,1 млрд текше метр су беріледі.
"Қазгидромет" мәліметіне сәйкес, жауын-шашын мөлшерінің аздығына байланысты оңтүстікте суару маусымы созылып барады.
Заңсыз егістік пен суды рұқсатсыз пайдалану – қатаң бақылауда
Жиын барысында Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдардың рұқсатсыз егілгені және бірқатар өңірде су заңсыз пайдаланылғаны туралы баяндады.
Осыған байланысты премьер-министр су ресурстарын үнемді әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Түркістан облысы әкімдігіне тұрғындарды тұрақты сумен қамту үшін алдын ала шаралар қабылдау міндеттелді.
- Ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз еккен лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Су тәуекелдерін басқару үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, алдын ала әрекет ету қажет, – делінген үкімет хабарламасында.
Атырау мен Маңғыстау облыстары бойынша да шаралар қабылдануда.
Кеңесте сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарын ауыз сумен қамту мақсатында жер асты су көздерін пайдалану мәселелері қаралды.