Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Беларуcьте сайлау алдында жағдай ушығып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, криминалдық полиция басшысы Геннадий Казакевич "Беларусь 1" телеарнасындағы эфирде айтты.
"Сайлау алдында елдегі жағдайдың ушығып жатқанын хабарлаймыз. Мұнда қандай да бір қоғамдық тәртіп бұзу мен сайлау заңнамасын бұзу туралы айтылып тұрған жоқ. Көбіне біз алдын ала жоспарланған, дайындалған акцияларды байқап отырмыз", - деді Геннадий Казакевич.
Оның айтуынша, соңғы уақытта белгісіз біреулер парламентте сайлау өткізген сайлау комиссиясының төрағаларын және олардың отбасылары мен отбасы мүшелерін де қорқытып жүр дейді. ІІМ бірінші орынбасары полицияда мұндай қорқытуларды ауыздықтайтын құрал жеткілікті екенін ескертті.
TUT.BY мәліметінше, кеше, 31 мамырда Беларусьте президент сайлауына қатысқысы келетін кадидаттарды жинау үшін облыста және қалаларда, аудан орталықтарында халық өз кандидаттарына қол қойдыру үшін көшеге шыққан. Ұзын-сонар кезек пайда болған.