Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Белгілі блогер контент үшін 68-қабаттан құлап кетті
Жаңалықтар

Белгілі блогер контент үшін 68-қабаттан құлап кетті

01.08.2023
1 мин
0
2467
Фото: instagram.com/remnigma

«Enigma» атымен танымал франциялық Реми Лучиди Гонконгта 68-қабаттан құлап қаза тапты, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

30 жастағы жігіт Гонконгтағы Tregunter Tower жоғарғы қабатындағы пентхаус шатырынан құлап көз жұмды.

Француз бейсенбі күні кешке зәулім ғимаратқа кіріп, күзетшіге досына қонаққа келгенін айтқан. Күзетші оны тоқтатпақ болғанда ол тыңдамай жоғарыға көтеріліп кеткен.

Видеобақылау камерасының кадрынан Лучидидің лифтпен 49-қабатқа, кейін баспалдақпен жоғарыға көтеріліп бара жатқаны көрініп тұр. Соңғы рет оның ғимараттың терезесін тоқылдатып, қызметші әйелді көмекке шақырып жатқанын көрген, кейін ол құлап, мерт болды.

Ремиді іздеген қауіпсіздік қызметкерлері кейінірек шатырдың люгі ашық тұрғанын байқаған. Полицейлер оны пентхаустан тысқарыда тұзақта қалып қойып, сол кезде елді көмекке шақырды деп болжап отыр.

Полиция оқиға орнынан ер адамның камерасын тапты. Оған басқа да қауіпті трюктердің видеосы түсірілген. Лучиди Instagram-дағы оқырмандарына қиын трюктер жасаған әсерлі видеоларын жиі бөлісіп отырған.

2019 жылы Реми Гонконгтегі көппәтерлі үйдің үстінде кетіп бара жатып, өзін түсірген. Онда шатырдың шетіне бірнеше дюйм ғана қалғанын көруге болады.

Сондай-ақ, ол әлемдегі, соның ішінде Болгария, Колумбия, Франция, Дубай және Польшадағы биік ғимараттарға шығып, танымал болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл