Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бес өңірде қыз алып қашқан 15 адам ұсталды
Жаңалықтар

Бес өңірде қыз алып қашқан 15 адам ұсталды

04.11.2025
мин
0
90
Сурет: видеодан алынған скрин

6 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы "Неке қиюға мәжбүрлеу" енгізілді. Бұл норма адамды оның еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Енді мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде сараланады және кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал ауыр жағдайларда жаза 10 жылға дейін ұлғаяды. Бұрын жәбірленушіні өз еркімен жіберген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норма алынып тасталды. Енді жаза жәбірленушіні босатқанына қарамастан тағайындалады.

Жаңа өзгерістер күшіне енген сәттен бастап ішкі істер органдарының бөліністері Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында неке қиюға мәжбүрлеу деректері бойынша жеті қылмыстық іс қозғады.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 15 адам ұсталды.

Әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстардың барлық мән-жайлары анықталуда. Ішкі істер министрлігі азаматтарды зорлық-зомбылық пен некеге мәжбүрлеу жағдайларына бейжай қарамауға шақырады.

Мұндай фактілер туралы ақпаратыңыз болса, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз. Министрлік қыз алып қашу фактілерінің алдын алу және әйелдерді зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеудің кез келген түрінен қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл