Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәслихат төрағасы 2 миллион теңге көлемінде пара берді деген айып тағылуда. Ол бұл қаражатты депутат арқылы облыстық ДВГА қызметкерлеріне аудиторлық тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша шара қолданбау үшін ұсынған. Аталған заң бұзушылықтар оның аффилиирленген компаниясының жергілікті мемлекеттік мекемелермен жасалған мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын орындамауына байланысты болған.
Биылғы жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура күдіктілерді сотқа жіберді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол кінәсіз деп есептеледі.