Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысының прокуратурасы білім беру мекемелерінің бухгалтерлерімен жалпы соммасы 83 млн теңге бюджеттік қаражатты жүйелі иемденудің фактілерін анықтады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.
Аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен.
Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн. теңге аударылды.
Екінші жағдайда Степногорск қаласының мектептерінің бірінде анықталды, тергеудің нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 млн. теңге жалақы ретінде аударған.
Осы фактілер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркеліп, Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорларымен және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергелуде.
Осы бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.