Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысының білім бөліміне тиесілі үш бухгалтер 2 жыл ішінде 34 миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл деректі өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
2021-2023 жылдар аралығында күдіктілер жалақы мен демалыс жәрдемақысын білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға аударып отырған.
Сот оларды кінәлі деп танып, 5 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру және келтірілген шығынды толық көлемде өтеу үкімін шығарды.