Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылады. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдары ашылмақ. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сондай-ақ, 194 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, сондай-ақ қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынады.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестиция есебінен 30 мың орындық 26 мектеп ашылады. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарлануда»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептердің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына қаржы бөліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.