Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бір аптада іздеуде жүрген 87 қылмыскер ұсталды
Жаңалықтар

Бір аптада іздеуде жүрген 87 қылмыскер ұсталды

29.02.2024
1 мин
0
873
Фото: uralskweek.kz

19-27 ақпан аралығында ІІМ жедел уәкілдері ел аумағында іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның 17-сі шетелдік әріптестердің сұрауы бойынша ұсталған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Ол 2018 жылы Алматыда топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтірген. Оның екі сыбайласы бұрын ұсталып, сотталған. Түркістан облысында «Жібек жолы» бекетінде шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол 2016 жылы өзінің сыбайласымен бірге Ресей Федерациясының Мәскеу облысында үш адамды өлтірген», - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Polisia.kz хабарлағандай, Жамбыл облысында көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен аса ірі мөлшерде пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде жүрген тағы бір өзбекстандық ұсталды.

«Қызылордада адам ұрлады деп күдікке ілінген ер адам құрықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскөй 1996 жылы бірнеше адаммен бірге екі адамға күш қолданып, оларды көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Бұл қылмысқа қатысы бар тағы бір қылмыскер бұған дейін ұсталған болатын. Шымкентте полицейлер жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам танысын арзан бағада жанармай жеткіземін деп алдап, оның ақшасын иемденген. Келтірілген шығын 18 млн теңгеге жуық. Алматы облысында шетелдік азаматты ұрып-соғып, оны пышақпен жарақаттаған екі ер адам ұсталды. Барлық қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Бұдан бөлек, республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл