Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы бір апта көлемінде ТЖМ ІІМ-мен бірлесіп "ЖАТАҚХАНА" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Dauletten.kz, ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, әкімдік қызметкерлері, волонтерлер мен жұртшылық өкілдерінен құралған бірлескен мобильді топтар жатақханалар мен хостелдерде рейдтік іс-шаралар өткізді.
Қазақстанда барлығы 1 мыңнан астам рейд жүргізілген. Аса жиі кездесетін бұзушылықтар қатарында тұрғындар санын көбейту мақсатында үй-жайларды қайта салу, қолдан жасалған ақауы бар электр құрылғылары мен зақымдалған жылыту құралдарын пайдалану сияқты деректер тіркелген.
Рейд қорытындысы бойынша 734 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жатақханалар мен хостелдердің, оның ішінде олар үшін қайта жабдықталған жеке тұрғын үйлер мен коттедждердің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 928 жиын және олардың иелерімен 670-тен астам кездесу өткізілген.
"16 мыңнан астам адам сауалнамамен және түсіндіру жұмыстарымен қамтылып, жатақхана мен хостел иелері 165 дөңгелек үстел ұйымдастырды. Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйдің өртке қарсы жай-күйін тексеру жүргізіліп, тұрғындарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілген. Жеке тұрғын үйлерді жатақханалар мен хостелдер ретінде қайта жабдықтау өрт қауіпсіздігі саласындағы кейде сақталмайтын қосымша талаптарды орындауға әкеп соғады", - деді ҚР ТЖМ өкілдері.