Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың қауіпсіздік ең жоғары деңгейіндегі колонияда жазасын өтеп жатқанын және оның қашқаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл қауесет YouTube платформасындағы бір арнада сотталған экс-министрдің орналасқан жерін анықтауға арналған сюжеттен кейін тараған. Онда Бишімбаев жазасын өтеуі тиіс колонияда жоқ деген болжам айтылып, бұл әлеуметтік желілерде жалған мәліметтер толқынын туғызды.
ҚАЖК халықты жалған ақпарат таратпауға шақырып, тек ресми дереккөздерге сенуге үндеді. Ведомство сотталғанның қашып кеткені туралы қауесеттердің шындыққа жанаспайтынын және мұндай ақпарат таратушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалатынын ескертті.
Айта кетейік, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.