Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл 134 мың студент жатақханаға мұқтаж
Жаңалықтар

Биыл 134 мың студент жатақханаға мұқтаж

08.08.2023
1 мин
0
434
Фото: egemen.kz

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және жоғары оқу орындары ректорларының басын қосқан кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда министрлік жанынан студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша ахуалдық орталық құрылатыны айтылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ведомство басшысы Саясат Нұрбек студенттерді барынша жатақханалармен қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды.

«Барлық студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мүмкін емес екені анық. Бұл әзірге жүйелі мәселе, бірақ Министрлік осы бағытта жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, біздің ведомство студенттерге жатақханалардан орын алуға көмектесетін ахуалдық орталық құрды», - деп атап өтті министр.

Студенттердің тұрғын үймен туындаған проблемаларына жедел ден қою үшін ахуалдық орталықта +77002551443 нөмірлері бойынша 24/7 жұмыс істейтін call-орталық іске қосылды.

«Орын тапшылығы бойынша проблемаларды жүйелі шешу үшін биыл біз Алматы мен Астанада жатақханалар салу бойынша жобалық кеңселер аштық, өйткені орын тапшылығының 70% - ы осы қалаларға тиесілі. Сондай-ақ, мен бұған дейін жоғары оқу орындарында жөндеу жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырған едім. Оқу жылы басталғанша оқу орындарының бірінші басшылары жатақханалардың санитарлық және техникалық нормалардың талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударуы қажет», - деді Саясат Нұрбек.

Ведомстваның айтуынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттер саны 134 мың адамды құрайды. Алматы қаласында жоғары оқу орындарының көп шоғырлануына байланысты жыл сайын әртүрлі өңірлерден келіп, оңтүстік астанаға оқуға түсушілердің саны көбеюде. Жатақханаларда орын жетпеген студенттерге орын тапшылығы мәселелері шешімін тапқанша хостелдер мен қонақүйлерде орын ұсынылады.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Білім туралы» заңның барлық білім алушыларды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуді көздейтін жаңа редакциясы күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл