Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл 50 мың жұмыс орны ашылады
Жаңалықтар

Биыл 50 мың жұмыс орны ашылады

20.02.2021
1 мин
0
1547

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пандемия кезінде азаматтарды жұмыспен қамту бойынша қиындықтар болғанын атап өтті. Биыл халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше ден қойылады.

Өткен жылы 77,6 мың жұмыс орны құрылған. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 47,8 мың жұмыс орны ашылды. Соның ішінде «Еңбек» жобасы аясында - 18 648 орын, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» - 21 689, «Бизнестің жол картасы - 2025» - 3540, «Қарапайым заттар экономикасы» - 1419, аймақтық даму - 824, «Нұрлы жер»- 455, индустриалды-инновациялық даму - 869, білім мен ғылымды дамыту - 70.

«Биыл жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жалғасады. Жаңа 50 мың жұмыс орынын ашу көзделген.  Оның 30 мыңы тұрақты жұмыс болмақ. Қала экономикасының 34%-і саудаға байланысты. Сол себепті карантин кезінде экономиканың төмендеуі байқалды. Қазіргі кезде қосымша басқа салаларды дамытуды қолға алу керек. Кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіліп жатыр. Қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында несие беріледі», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Алматы қаласында жұмыссыз азаматтар қайта оқытудан өтті. Нәтижесінде, 2020 жылы мыңнан аса азамат, яғни 66%-і тұрақты жұмысқа орналасты. 

  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл