Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада 11 айдың ішінде 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әкімнің айтуынша, елорданың құрылыс секторының қарқыны 870 млрд теңгеден асты. Өңірлер арасында қала бірінші орында. 11 айдың ішінде 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4% көп. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4 млн шаршы метрден асады.
- Реновация бағдарламасы бойынша 2029 жылға дейін 206 апатты үйдің тұрғындарын қоныстандыру жоспарлануда. Бағдарламаның үшінші кезеңі басталғалы бері 37 апатты үйдің тұрғындарын көшіру жұмыстары анықталды, - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.
Бүгінгі таңда 142 үйдің құрылысы аяқталып, шамамен 15,6 мың үлескер-отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.