| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, нәтижесінде 895 адамның заңға қайшы әрекеттерінің алдын алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, есепті мерзімде 1 052 қылмыстық іс тіркеліп, олардың 969-ы толық тергелген. Тергеуі аяқталған істердің 860-ы сот қарауына жіберілген.
Тергеу материалдарына сәйкес, анықталған құқықбұзушылықтардың басым бөлігі парақорлық пен бюджет қаржысын заңсыз иемдену деректеріне қатысты болған. Қабылданған шаралардың арқасында мемлекет қазынасына 16,1 млрд теңге қайтарылып, қосымша 3,3 млрд теңгеге бағаланған мүлікке шектеу қойылды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабар берген 61 азаматқа жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленген.
ҰҚК бұл бағыттағы жұмыстар алдағы кезеңде де жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.