USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Биыл ауылдарды ретке келтіруге 106 млрд теңге жұмсалмақ

03.07.2021
1 мин
1
284
Биыл ауылдарды ретке келтіруге 106 млрд теңге жұмсалмақ

2021 жылы Қазақстанда ауылдарды ретке келтіруге 106 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы бізге Ұлттық экономика министрлігінде айтты, дейді LS.

Министірліктiң мәліметінше, Қазақстанда ауылдарды жақсарту үшін "Ауыл– Ел бесігі" жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бағытталды. Қаржыландыру есебінен 1,1 мың жоба іске асырылмақ. Оның ішінде 120 – ТКШ, 716 – көлік, 304 – әлеуметтік инфрақұрылым саласында.

Сондай-ақ, "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарланған. Бұл мақсатқа 2022 жылы 570 ауылдық елді мекенге (АЕМ) 130 млрд теңге, 2023 жылы – 180 млрд теңге (750 АЕМ), 2024 жылы – 180 млрд теңге (800 АЕМ), 2025 жылы – 180 млрд теңге (900 АЕМ) бөлінеді.

Жалпы, "Ауыл – Ел бесігі" есебінен 3,5 мың ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы жақсарады деп күтілуде.

Бұл ретте 2019-2020 жылдары даму әлеуеті бар 238 ауылда 1,5 мың жоба іске асырылды, 15 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 124 млрд теңге жұмсалды.

Тірек және спутниктік ауылдар халқының саны 231,4 мың адамға артты.

Министрлік қазіргі уақытта Қазақстанның 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын әзірлеу жүргізіліп жатқанын қосты. Оның аясында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Құжат бойынша, ұлттық деңгейдегі экономикалық өсу орталықтары қалалық агломерациялар, ірі және үлкен қалалар (негізінен облыстардың әкімшілік орталықтары) болып табылады.

Сонымен бірге, өңірлік деңгейдегі экономикалық өсу орталықтары 50 мыңнан астам халқы бар моноқалалар, ірі немесе үлкен қалаларға жақын және шекара маңындағы аумақтарда орналасқан шағын қалалар, сондай-ақ, тірек АЕМ болып табылады.

Бұл орталықтарда әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарының зерттеу экожүйесін қалыптастыру, білім беру саласының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру, дәстүрлі салаларда және креативті индустрия секторында инноваторларды қолдау үшін жағдайлар жасалатын болады.

Урбандалуды тұру жағдайларын қамтамасыз ету және келетін еңбек ресурстарын бейімдеу, инфрақұрылым мен тұру жағдайларын жасау есебінен оларды жергілікті экономикаға тарту арқылы басқару жоспарлануда.

Бұдан басқа, Қазақстанда ресурстар мен тауарлардың барлық түрлерінің еркін және жылдам қозғалысын қамтамасыз ететін экономикалық дәліздерді дамыту жоспарланып отыр. Экономикалық ағындар өз кезегінде бүкіл инфрақұрылымдық қаңқа бойында әртүрлі экономикалық белсенділік түрлерінің пайда болуы мен дамуын ынталандыратын болады. Ол үшін логистика күшейтілмек.

1 Пікір
Гульмира
Қала орталығына он шақырым ауылда тұрып газ кіргізіп бере алмай отыр. ҚЫЗЫЛОРДА АБАЙ ауылы
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл