Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Үкімет отырысында инфляцияның баяулайы жайлы айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында бағдарлама операторы саналатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әділет министрлігінің деректер базасымен балалардың жалпы санын салыстырып тексерді. Барлық балаға валюталық шоттар ашылды. Өмірге жаңа келген балаға шот ашу процесі автоматтандырылды. Жыл сайын қаражат аудару механизмі әзірленді. Биыл барлық баланың шотына 696 млн доллар есептелді. Осы жылы бағдарлама операторының (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының) шотына 2024 жылы кәмелетке толған балаларға 30,6 млн доллар аударылды»,- деді ол.
Баймағамбетов бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері оң қарқын көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
«Олар қаңтар айында 18,1 трлн теңгеге дейін 1,5%-ке өсті. Жыл басынан инвестициялық табыс көлемі 112,6 млрд теңгені құрады. Зейнетақы жарналары 186,9 млрд теңге, ал жарнаны мерзімінен бұрын алу сомасы 34,0 млрд теңге болды»,- деді ол.