Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орнын құруға 34,3 млн теңге қарастырылған
Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орнын құруға 34,3 млн теңге қарастырылған

16.06.2020
1 мин
4
1448

Биыл қаңтар-мамыр айларында 6,5 мың мүгедектігі бар адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылды.

Оның ішінде 2 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орындарына, 4,5 мың адам уақытша жұмысқа (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар) орналастырылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 29 адам микрокредит алды, оның 24-і жеке ісін ашты, ал 106 адам грант алды. Сонымен қатар «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар еңбек жағдайлары ауыр, зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есепке алмағанда, мүгедектерге арналған жұмыс орындарына жұмыс орындарының санынан екі-төрт пайыз мөлшерінде квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Заң нормаларын жүзеге асыру кезінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілді. 2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысына сәйкес квота бойынша 12 мың адамды жұмысқа орналастыру белгіленген, оның ішінде 3 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды (2019 жылы 4 мың, 2018 жылы 4,9 мың, 2017 жылы 2,9 мың).

Биыл республикалық бюджеттен көру, есту қабілеті және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 31 арнайы жұмыс орнын құруға 34,3 млн теңге қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 695 мың мүгедек тұрады, оның ішінде 424 мыңы еңбекке қабілетті жаста (61%), 112 мың адам жұмыс істейді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
А
Аида 16.06.2020
Сәлеметсіз бе? Мен өтініш қалдырған болатынмын. Бірақ менің фамилиям өтініш қабылданбағандардың ішінде тұр,себебі документ дұрыс өткізілген деп тұр. Енді мен қайта ДОКУМЕНТ тапсыруым керек пе? Жоқ әлде сол жарайма???? Түсінбедім. Менің жұмыс орным инфекционный больница болып жұмыс жасап тұр. Не істесем болады.???? Көмек керек мен жалғыз басты ана мын. Барлық критерий бойынша келіп тұрмын.
Жауап беру
К
Камила 16.06.2020
Мен жумыска туру ушин кайда барып жугинсем болады,мен пропискам ауылда бирак озим калада турамын.
Жауап беру
А
Асель 16.06.2020
қысқарақ қылып, сəйкесінше ақысын төлеп отырса соған да риза болып отырар едім. Баспанаға да ақша жинай алар едім.
Жауап беру
А
Асель 16.06.2020
Сəлеметсіз бе! Мен мүмкіндігі шектеулі, əрі жалғызбасты анамын. Білімім жоғары. Қаншама рет жұмыс жəрмеңкесіне барып өтініш берген едім. Бірақ ешқайсысында мүгедектерге жеңілдіктер қарастырылмаған. Барлық жұмыс берушілердің талабы толық күн жұмыс істеу керек, яғни 8 сағаттық жұмыс күніне келісуің керек. Ал оған денсаулығым жарамайды. Біз сияқтыларға жұмыс уақытын сəл сау адамдармен салыстырғанда қысқарақ қылып,
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл