Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл қандай банкноттар қолдан жасалғаны анықталды
Жаңалықтар

Биыл қандай банкноттар қолдан жасалғаны анықталды

21.05.2021
1 мин
2
1285

2021 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банктер 760 950 теңгеге қолдан жасалған 237 ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жалпы көлемнен алып қарағанда, осы жылдың бірінші тоқсанында қолдан көп жасалған ақшалар – номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар болды – 65% және 23%, басқа банкноттар мен монеталардың үлесі – 12%», делінген хабарламада.

Жалған банкноттардың көп бөлігі – Алматыда (169), аз бөлігі – Қызылорда (2) мен Жамбыл облыстарында (2) анықталды.    

Банкноттың түп нұсқасын жалған ақшадан ажырату үшін оның бірнеше белгісін білу жеткілікті.

Елдегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі жеңіл технологиямен жасалады, олар түпнұсқадағы негізгі белгілерді тек имитациялаумен ғана шектеледі. Яғни, арнайы жабдықсыз-ақ жалған банкноттарды қолмен ұстап, мұқият қарап та анықтауға болады.

Түпнұсқа банкноттың бірнеше айрықша белгісі бар.

Біріншіден, ол өзіне тән ерекше шытырлайды, екіншіден – арнайы рельефі бар. Сонымен қатар барлық банкнотта көру қабілеті нашар адамдар үшін саусақ ұшымен ажыратуға болатын белгілер бар. 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түс өзгертетін бояумен жағылған бейнелер бар. Көлбеу бұрышын өзгерткен кезде өрнек түсі жасылдан алтынға өзгереді. Сонымен бірге жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде анық көрінетін, жазуы бар пунктир түріндегі тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аударған жөн.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Ф
Феруза 21.05.2021
Ашимова
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
106
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл