Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Осы жылы 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға 73,9 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 және 6 жастағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің заттай түрінен, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) ақшалай қосымша төлем түріне ауыстырылды.
Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.