Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл Қарағанды облысында бопсалаудың  40-тан астам дерегі анықталды
Жаңалықтар

Биыл Қарағанды облысында бопсалаудың 40-тан астам дерегі анықталды

18.10.2024
1 мин
0
602
Сурет: видеодан алынған скрин

Биыл Қарағанды облысында ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, бопсалаудың 40-тан астам фактісі анықталып, жолы кесілді.

15 қазанда Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобын ұстады. Оның құрамында аралас жекпе-жек жаттықтырушысы да болған. Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ “Qarmet” АҚ қызметкерлерін бопсалаған. Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар “Qarmet” АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған болатын.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыстың сөзінше, осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 100-ден астам күдікті жеткізілді, олардың 39-ы қамауға алынған. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

- Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр, - деді Қ.Алпыс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл