Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл «Жасыл ел» бағдарламасы 4 200 жасты жұмыспен қамтиды
Жаңалықтар

Биыл «Жасыл ел» бағдарламасы 4 200 жасты жұмыспен қамтиды

04.07.2023
1 мин
3
1791

Елордада жасөспірімдер мен жастарды жазғы кезеңде уақытша жұмысқа орналастыру бойынша «Жасыл ел» бағдарламасының 19-маусымы өтіп жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама қалай жүзеге асып жатқаны және елордада қанша адамды қамту жоспарланып отырғаны туралы онлайн-брифингте қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров айтып берді.

"Жыл сайын «Жасыл ел» сарбаздары қатарында жұмыс істеуге қызығушылық танытқан жастардың саны артуда. Олар қаламыздың құрылыс нысанында әртүрлі санаттағы шеберлердің көмекшісі қызметтерін, қала маңындағы «жасыл белдеуде» ағаш отырғызу, талдар мен көшеттерді қопсыту және суару, ағаштар мен көшеттерге күтім жасау жұмыстары арқылы табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйенің қалыптасуына және қала саябақтарының жасыл желегінің күтімімен айналысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жазғы еңбек маусымында жастарды жұмыспен қамтуға «Базис-А» құрылыс компаниясы, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ, «Астана орманы» ЖШС, 100-ден астам білім беру мекемелері, 20-ға жуық колледж және 10-нан астам жоғару оқу орындары серіктес болуға келісім беріп отыр.

Былтыр нақты айтқанда 4208 жас жұмыспен қамтылса, биыл да 4200 жасөспірімдер мен жастарды қамту көзделген және ол көрсеткішке басқарма жетіп отыр. Олардың қатарында көпбалалы отбасыларының, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар",- деді Қайрат Қамбаров.

Жұмыссыз жастар құрылыс компанияларына орналасса, жұмыс орыннан жалақы алады, сонымен қатар, «Жасыл ел» жобасы аясында қосымша 65 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалады. Жұмыс уақыты – 8 сағат.

14-17 жас аралығындағы жастар кәмелеттік жасқа толмағандықтан, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, денсаулықтарына зиян тигізбейтін, ауыр емес, күніне 4 сағаттан артық емес жұмысқа жұмылдырылады.

Еске салсақ, «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты шарты – жас ерекшелігі, яғни 14-тен 35 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, студенттер және жұмыссыз жастар қатыса алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
И
Иембердиева Назерке 29.08.2023
Алматы обл Райымбек ауданы Қақпақ ауылы 29.08.2023 жыл мәлімдеме Жасыл ел жастарды жұмыспен қамтамасыз ету шарасы 17.08.2023 басталды жалақымыз сол күнге есептеліп беріледі делінген 20 күнге шаққанда 800 тг қарастырылсын
Жауап беру
Г
Гульжан 05.07.2023
Менің ұлым істеп жүр.9_13ке дейін 15_17 ге дейін .Жұмыс графигі
Жауап беру
Н
Нурия 04.07.2023
Менің балам істеп жатыр бірақ айлық 34 мың маусым айында істеп бітті осы ай да демалыс келесі айда қаиттан кел деп жатыр айлық бермеді енді береді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл