Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, 5G желісі цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 170 мыңнан астам үйді 5G интернетке қосу жоспарланып отыр.
«2023 жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% болады», – деді Бағдат Мусин.
фото: Ашық дереккөзден