Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бизнес грантын алуға өтінімдер 1 сәуірден бастап қабылданады
Жаңалықтар

Бизнес грантын алуға өтінімдер 1 сәуірден бастап қабылданады

14.03.2022
1 мин
55
16583

2022 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекет басшысының халықтың әл – ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмасын және Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар алудың бірінші легіне өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. 2019 грант беру жоспарланған, оның 1089-ы жастар үшін және 930-ы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.

Өтінімдерді қабылдау 10 жұмыс күніне созылады, содан кейін аудандық/қалалық комиссия берілген өтініштерді қарайды. Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын болады. Өтінім берілген күн комиссияның шешіміне әсер етпейді.

Ағымдағы жылы өтінімдерді қабылдау 7 лек шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Мұндай шешім азаматтардың «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп үлгеруі үшін қабылданды.

Гранттар бір рет беріледі. Бұл ретте, бизнес-жобасын комиссия қарау барысында мақұлдамаған үміткер келесі ағындардың біріне өтінімді қайта бере алады.

Биыл барлығы 20 мың грант бөлу жоспарлануда. Соның ішінде жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар үшін (атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасы мүшелері – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы); оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар; қандастар; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері; мүгедектігі бар адамдар) 10 мың грант беру көзделуде.

Нысаналы санаттарға сәйкес келуден басқа, үміткерлер мынадай критерийлердің біріне сәйкес келуі тиіс:

– халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз азамат;

– Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші;

– өтініш берген сәтте мәртебесін ресімдеу мерзімі 1 жылға дейінгі жеке кәсіпкер (оның ішінде қызметін тоқтатқан);

– жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды аяқтау туралы қолданыстағы сертификаттың және оқыту барысында дайындалған бизнес-жоспардың болуы міндетті болып табылады.

Бұдан басқа, грант алуға үміткердің тұрғылықты жері бойынша кемінде 1 жыл тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс (қоныс аударушылар мен қандастарды қоспағанда).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қазіргі қатысушылары, сондай-ақ 12 ай бұрын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар грантқа үміткер бола алмайды.

Өтінім беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, порталда тіркелу, өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, Халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

«Порталды өтінімдерді қабылдау бойынша бірыңғай терезе ретінде пайдалану мемлекеттік қолдау шараларын көрсету процесінде үміткерлер мен көрсетілетін қызметті берушілердің физикалық байланыстарын азайтуға ғана емес, сондай-ақ іріктеу және мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау туралы шешім қабылдау сатыларында адами фактордың әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Ал кірудің бірыңғай нүктесі және жеке кабинеттегі өтінімдердің мәртебесін қадағалау мүмкіндігі азаматтар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді», – деді ҚР Еңбекминінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Руслан Тілеубаев.

Гранттарды үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары беретін болады. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

– бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;

– өткізу нарықтарының пысықталуы;

– бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;

– кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;

– жаңа жұмыс орындарын құру.

Шешім шығарылғаннан кейін порталдағы үміткердің жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде порталда банк деректемелері бар банк шотын ұсынуы тиіс.

Бұдан басқа, Порталда хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде грант алушы Жеке кабинетте ЭЦҚ пайдалана отырып, шартқа қол қоюы тиіс.

Келесі ағындар бойынша өтінім беру күні алдын ала Порталда, БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8425 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
55 Пікір
Д
Диханбаева жулдызай 02.04.2022
Жеке касип ашу
Жауап беру
Т
Таңшолпан 31.03.2022
Жеке кәсіп ашу үшін
Жауап беру
B
Bibigul 30.03.2022
Жеке кәсіп ашу үшін
Жауап беру
Б
Балнұр 28.03.2022
Жеке кәсіп ашу үшін
Жауап беру
Н
Нұргүл 27.03.2022
Жеке кәсіп ашуға
Жауап беру
А
Аскар 26.03.2022
Қайта жөндеу жұмыстарына, несие жабуға
Жауап беру
Ж
Жансая 24.03.2022
Жеке касип ашу ушін
Жауап беру
Ж
Жасұлан 23.03.2022
Несие жабылса
Жауап беру
Х
Хаймхан 22.03.2022
Тургын Уй саду ушин
Жауап беру
Ж
Жаныл 22.03.2022
Турмыстык техника тургын үй салуга
Жауап беру
К
Курманай 21.03.2022
Емделу ушыг
Жауап беру
С
Сәния 19.03.2022
Несие жабу үшін
Жауап беру
А
Айбек 19.03.2022
Касип ашуга
Жауап беру
Р
Раушан 18.03.2022
Не бастысы денсаулык.Денсаулык жаксарту ушин кредитке жугирдик
Жауап беру
Б
Бауыржан 16.03.2022
Жеке кәсіп үшін
Жауап беру
Б
Бауыржан 16.03.2022
Жеке кәсіп үшін
Жауап беру
Г
Гулдана 16.03.2022
Ақшамыз тек кредитке кетеді
Жауап беру
Г
Гулдана 16.03.2022
Ақшамыз тек кредитке кетеді
Жауап беру
Н
Нұрболат 16.03.2022
Сертификат қанша уақытта алуға болады
Жауап беру
П
Перизат Райсбеккызы 15.03.2022
Казирден бастап заявка бере берсек болмаима,?ертен улгире аламызба
Жауап беру
С
Сауле 15.03.2022
Осы грантқа қатысу үшін, сертификаттың болуы шарт емес щығар, менде жоқ еді
Жауап беру
С
Сауле 15.03.2022
Осы грантқа қатысу үшін, сертификаттың болуы шарт емес щығар, менде жоқ еді
Жауап беру
Г
Гулзира 15.03.2022
Оз кандатерски ашу
Жауап беру
Ж
Жан 15.03.2022
29 жастамын қатысуға болады ма?
Жауап беру
С
Сауле 15.03.2022
Қалай алсақ болады қаржы көмек
Жауап беру
А
Айдана 15.03.2022
Біз Оңтүстік тен Солтустікке көшіп келген біз.21 жылғы 525 мың грантка жұмыспен картаға бизне жоспар откізгенбіз.Олар 2.3 жыл кезекте турасыз деді.сол каншалыкты дурыс
Жауап беру
М
Мариям 15.03.2022
Мен коп баллаы анамын жеке бизис бастауга бооады екен .
Жауап беру
М
Мария 15.03.2022
Керемет
Жауап беру
М
Маоиям 15.03.2022
Оте жаксы карастырлган
Жауап беру
А
Айдана 15.03.2022
Жеке кәсіп бастау үшін біз бұл жәрдемақыны да ала алмайды екенбізғой
Жауап беру
М
Мадина 15.03.2022
Сол кәсіпті қолға алсам дейм д
Жауап беру
М
Мадина 15.03.2022
Мен кондитер саласында кішкене табысым бар, бірақ ай сайын үнемі кіріс жоқ! Тек мейрамдарда ғана, менің үш балам бар мектепке енді барады! Сол білімімді шыңдап кішігірім кондитерский ашып өз бизнесімді ашқым келеді.
Жауап беру
М
Меруерт Абдиразакова 15.03.2022
Мен жұмыс жасаймын маған болама
Жауап беру
Г
Гулназ 15.03.2022
Жеке кәсібімді дамытуға қаржы жеткіліксіз болып жатыр
Жауап беру
Ж
Жанар 15.03.2022
Кредитім уже өсіп жатыр денсаулығыма байланысты жабалмай отырмын,көмектесіп жіберсеңіз,өтініш
Жауап беру
Q
Qazaq balasy 14.03.2022
Жылдан жылға санын арттырып жптыр, ЖОО бұрцнғыдай құны да қалмады. Осыдан 5 жыл бұрын оқуға түскендер кемі 75-80 баллмен түсетін еді, қазір қарасаң инженерлік, медициналық, педагогикалық салаларға 50 баллмен түсуде. Біз оқыған жылдың өзінде грант үшін түскен (университетіміз бойынша барлығы 250 адамның 1/4 бөлігі) қазір кім көрінген оқып жатыр, оқымасын демеймін оқу аты ғана шын мәнісінде ақша табу ойлары, диплом алып күзетте не басқада жүреді, жұмыс жоқ не алған білімі жоқ. 2021 жылы тіпті магистратураға түсетін адам таба алмай қалды ғой( жалған ақпарат таратқандай болды, себебі, бос орын саны ресми деректен 2 есе асып кетті). 2 рет қабылдауды енгізді себебі, грант көп оқитын адам жоқ, проходной 75 баллдан басталады( тағы кім көрінгендер стипендия үшін, былығы көп әскерден құтылу үшін түсті, не бір “қағаз” артық болмас деп), дәлел реоінде құжаттарды қабылдау мерзімін бірнеше рет шегерді (екі рет грантқа түсу мүмкіндігі берілгенімен екі жолы да осы оқиға қайталанды). Бала кезде аға-әпкелеріміз оқуға тапсырды дегенде нәтижесін газеттен іздеп, тапсақ қуанушы едік. Қазір көпшілік ата-ана баласы 11 жыл қатарынан қалмайын елде киген киімді жейін, ел ұстаған қымбат телефонды ұстайын, ел қыдырған жерде қыдырайын деп ізденіп, талпынып, білім алатын кезін бос нәрселерге арнайды. Бұрындары ҰБТ 50-60 балл алу деген ұят еді, қазір грантта оқыса болды деген түсінік (стереотип) қалыптасқан. Осының айналасында проблемалар өте көп!
Жауап беру
У
Умида 14.03.2022
6 балам бар, кридиттерди толеп берсе жақсы болар еды , кун кору қыйын болиб кетти, жардем ақшаны көтерсе, жақсы болар еды
Жауап беру
Р
Руслан 14.03.2022
Жаңа жобадағы бизнес бастау үшін
Жауап беру
М
Маржан Бигалиева 14.03.2022
Мен көпбалалы анамын, декреттік демалыстамын, менде бизнес бастауға қатыса аламба, ателье ашқым келеді.
Жауап беру
Q
Qazaq balasy 14.03.2022
Егер де үкіметтен берілетін ай сайынғы көмектен бас тарта аламын десеңіз аша аласыз, яғни зейнетақы аударымы шотыңызға түсіп тұрса( яғни жұмыс істеп жатыр деген сөз) ондп үкіметтен балаға төленетін төлем тоқтатылады ( заңсыз түрде алатын болсаңыз онда міндетті түрде қайтаруға тура келеді)
Жауап беру
Н
Нуржау 14.03.2022
Кредит кешірілсе екен
Жауап беру
Б
Бауыржан 14.03.2022
Өте керемет мүмкіндік
Жауап беру
К
Куралова Гулчехра Холмухамадовна 14.03.2022
Жана жобадагы бизнес кәсібімді дамытсам екен
Жауап беру
А
Айман 14.03.2022
Өте керемет мүмкіндік
Жауап беру
М
Мехрибан 14.03.2022
Жасым 33те қатыса аламынба Өзбекстан нан көшіп келген мін тігін саласында бизнес бастау ойымда бар.
Жауап беру
Р
Рахима 14.03.2022
Рахмет н
Жауап беру
А
Алтын 14.03.2022
Просрочкасы пандемия кезінде пайда болғандар, сол күйі қарыздар шыға алмай қалғандар қатыса алмайды бұл жобаға, онда несі әл ауқатты көтеру дейді, қайта қазір тығырыққа кіргендерді шығару керек емес па, кредитін жаппай қолына қармақ беріп кәсіп аштырса, қандай тамаша болар еді, болмаса бұл жобаға қатысатын шотқа жеке сот орындаушы, банк тиіспесе жақсы болар едін
Жауап беру
Н
Нарик 14.03.2022
дурыс аитасыз
Жауап беру
Г
Гауһар 14.03.2022
Менде ілінсем 8 балам бар
Жауап беру
А
Айгерим 14.03.2022
Оз бизнесимди бастау мал шаруашылыгымен айналысу
Жауап беру
Б
Бакыткүл 14.03.2022
Ортажастағылар санатына бизнес гранттар негекарастырлмаиды
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл