Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Журналист, Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы оқу жылынан бастап «Болашақ» бағдарламасына енгізілетін үш өзгерісті атады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бірінші, Қазақстан «Болашақ» бағдарламасымен қайтадан бакалавр мамандарды дайындайды. Еске салайық, «Болашақ» бағдарламасынан бұл функция 12 жыл бұрын алынып тастап, қазір тек магистрлер дайындалады.
Екінші, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс берушілермен тікелей ұштастырылады. Жұмыс беруші компания қажет кадрларды дайындауға тапсырыс береді, сәйкесінше кейін оларға жауапкершілік те жұмыс берушіге жүктеледі.
Үшінші, алдағы уақыт жылынан бастап жалпы грант санының 60 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі.
Сонымен қатар, білім министрі Халықаралық олимпиада жүлдегерлері автоматты түрде «Болашақ» стипендиясын алатынын айтты.
фото: kazbilim.kz