| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары туралы ақпарат автоматты түрде жіберілетін жаңа цифрлық жүйе енгізілуде. Хабарламалар eGov, Enbek.kz мобильді қосымшалары және 1414 нөмірі арқылы жолданады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда цифрлық жұмыспен қамту қызметінің жаңа тетігі іске қосылады. Жүйенің басты ерекшелігі — азаматтың өзі жұмыс іздеп отырмай, оған лайықты бос жұмыс орындары автоматты түрде ұсынылады.
Жүйе жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде жұмысқа мұқтаж азаматтарды анықтайды. Сәйкес келетін бос орындар табылған жағдайда азаматтарға eGov және Enbek.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе 1414 байланыс орталығынан хабарлама келеді.
Жаңа жүйе азаматтың білімі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі және басқа да жеке ерекшеліктерін ескере отырып, лайықты бос жұмыс орындарын іріктейді. Ұсыныстар тек өз өңіріндегі емес, еліміздің басқа аймақтарындағы, сондай-ақ шетелдегі бос жұмыс орындарын да қамтуы мүмкін.
Сонымен қатар азаматтарға:
● қысқа мерзімді оқыту курстары;
● қайта даярлау бағдарламалары;
● қоныс аудару мүмкіндіктері ұсынылады.
Мемлекеттік органдардың мәліметінше, жаңа цифрлық қызмет азаматты тұрақты жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдеуді көздейді. Бұл еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейтіп, жұмыссыз азаматтарды қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.