Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БҚО: Сәбізге қақалған сәби көз жұмды
Жаңалықтар

БҚО: Сәбізге қақалған сәби көз жұмды

05.01.2023
1 мин
0
565

Батыс Қазақстан облысында сәбізге қақалып қалған 1 жас 7 айлық сәби көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсанда аудан орталығы Теректі ауылында болған. Сағат 13:20-да 1 жас 7 айлық сәби Теректі аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілген. Онда тіршілік белгілері болмаған. Кезекші дәрігер мен медицина қызметкерлерінің жедел жансақтау шараларын жүргізгеніне қарамастан, жарты сағаттан кейін, 13:50-де биологиялық өлім тіркелген.

"Анасының сөзіне қарағанда, үйінде ойнап жүрген ұл бала шикі сәбіз жеген. Қатты жөтелгенін естігеннен кейін оған жүгіріп жеткен анасы көмектеспек болып, арқасынан қаққан. Сәбіздің бір бөлігі шыққанымен, бала көгеріп, тыныс алуы қиындап кеткен. Жедел жәрдем шақырып, баланы көтеріп көшеге шығып, өтіп бара жатқан автокөлікпен ауруханаға әкелген. Баланы қараған кезде ол демалмаған, басқа да тіршілік белгісі болмаған. Барлық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін полицияға хабарланған. Баланың мүрдесі учаскелік дәрігер мен полиция қызметкерінің қатысуымен сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама жүргізген маман баланың тұншығып қайтқаны, тыныс алу жолдарының бөгде затпен (сәбізбен) бітеліп қалғаны жөнінде анықтама берді", - делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл