Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай 600-ден аса іс-шара өтеді
Жаңалықтар

Бүгін Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай 600-ден аса іс-шара өтеді

04.06.2023
1 мин
0
752

Астанада ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай 600-ден астам имидждік іс-шара өтеді, деп хабарлайды Dauletten.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Күні кеше елорда тұрғындары «Ту барлық үйде» республикалық акциясын қолдап, тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарына Мемлекеттік Туды ілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Менің туым-менің мақтанышым!» атты жалпыұлттық челлендж басталды. 

4 маусым күні сағат 09.30-да «Қазақ елі» алаңында елордамыздың қолөнершілері «Аламан құрақ» жобасы аясында жәрмеңке мен ұлттық сәндік киімдер дефилесін тамашалауға шақырады. Іс-шара барысында қатысушылар ең ұзын «Құрақ көрпе» тігіп, «Қазақстанның рекордтар кітабына» жаңа рекорд орнатуды жоспарлауда.

Сағат 10.00-де «Бәйтерек» монументінің алаңында «Менің рәміздерім» мерекелік іс-шарасы өткізіледі, концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының үздік әскери оркестрлерінің «Әскери керней -2023» әскери-музыкалық фестиваліне ұласады.

Осы уақытта «Мемлекеттік рәміздер» алаңынан 50-ден астам автокөлік пен мотоциклдің қатысуымен дәстүрлі автошеру басталады.

Мереке күні сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің Youtube-арнасында «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафоны өтеді.

Сағат 12.00-де «Қазанат» ипподромында республикалық бәйге («Құнан», «Жорға», «Топ», «Аламан») бойынша турнир басталады.

Кешкі сағат 17.00-де елорда тұрғындары мен қонақтары Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның «Еліме тағзым» атты шығармашылық концертін тамашалай алады. 

Айта кету керек, мереке күні елордада кез келген жасқа арналған көптеген түрлі іс-шаралар, оның ішінде ақпараттық сағаттар, кітап көрмелері, түрлі танымдық турнирлер, суреттер мен шығармалар конкурстары, жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы, акциялар және т.б. өткізіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл