Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде мектептер онлайн білім беруге ауыстырылады, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Абай облысындаСемей қаласында, Бесқарай ауданында 1-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. Аягөз ауданының 1-4 сынып оқушылары да онлайн форматқа көшіріледі. Өңірдің қалған аудандарында сабақ штаттық форматта өтеді.
Павлодар облысының Екібастұз қаласында барлық мектептер қашықтан білім беруге ауыстырылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16-17 қаңтар күндері Маңғыстау облысының барлық білім беру ұйымдары онлайн білім беруге көшіріледі. Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған интернат оқушылары офлайн оқуын жалғастырады.
16-17 қаңтар күні Жамбыл облысындажалпы орта мектептердің мектепалды даярлық және 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Фото: Egemen.kz