Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 31 жыл толды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тәуелсіз елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Соның бірі – мемлекеттік рәміздер. Ал қазақстанның тұңғыш рәміздері, атап айтқанда Елтаңба мен ту 1992 жылғы 4 маусымда ал Әнұран 11 желтоқсанда бекітілді.
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға 1992 жылдың 4 маусымында қол қойған еді.
Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Мемлекеттік рәміздерді таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Топың құрамына Серік Әбдірахманов, Ербол Шәймерденов, Салық Зиманов, Серікболсын Әбділдин кірді. Республика көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Тудың өзіне 600 азаматтан 1 200 нұсқа түссе, әнұранның 750 үлгісі, Елтаңбаның 245 жобасы байқауға қатысқан.
Ал байқау жеңімпаздарын бәрі жақсы біледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Елтаңба авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Фото: egemen.kz