Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстан жұрты Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Оларға Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.
Мемлекеттік рәміздер - кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күнінде Астанада, Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде салтанатты іс-шаралар өтеді. Іс-шара мемлекеттік Туды көтеруден және Әнұранды орындаудан басталады.