Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін
Жаңалықтар

Бүгін "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінім берудің соңғы күні

06.10.2024
1 мин
0
597
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына конкурс жариялады. Жобаға өтінім беру 6 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2024 жылы "Тәуелсіздік ұрпақтары" бойынша  3 млн теңгеден 30 грант беріледі.

Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау. Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14 жастан бастан 35 жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

Еске саламыз, гранттар 6 бағыт бойынша беріледі. Олар:

"Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

"Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

"Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

"Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

"Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

"Волонтерлік" –  өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2024 жылғы 5 тамыз бен 6 қазан аралығында t.urpaktary2024@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларын бекіту туралы бұйрық pdf (жүктеу/скачать).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл