Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгінгі түн -Қадір түні
Жаңалықтар

Бүгінгі түн -Қадір түні

27.04.2022
1 мин
0
1730

Қасиетті қадір түніне жеткен кезде қандай амал жасағанымыз жөн. Бұл жайында Ислам ғұламалары төмендегідей амалдарды жасағанды абзал деп санаған.

Біріншіден, мұндай түнді әуелі шынайы ниетпен, Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасаумен, намаз оқумен, Құран оқумен өткізу. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِه

«Кім Қадір түнін иманмен және сауабын үміт етіп өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»,– деген.

Екіншіден, өткен қате-кемшілік күндеріміз үшін тәубе жасап, истиғфар айтып, кешірім сұрау және Пайғамбарымызға салауат айтумен өткізу;

Үшіншіден, таң рауандап атқанға дейін ұйықтамай шын ықыласпен дұға жасау. Өйткені Айша анамыз (Алла ол кісіге разы болсын) Пайғамбарымыздан қадір түніне тап болсам, қандай дұға жасайын деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عني

«Уа, Алла! Сен кешірімдісің және кешіргенді жақсы көресің. Мені де кешіре гөр» деген дұғаны үйреткен.

Қадір түнінің арнайы уақыты бар ма?

Алла Тағала адам баласына әрбір құлшылықтың өз уақытын, мезгілін көрсетіп қойған. Сол секілді Қадір түнінің де уақыты, мезгілі бар. Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынадай хадистер келген.

Әбуһұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Түсімде Қадір түні маған білдірілді. Бірақ жақындарымның біреуі мені оятқанда, әлгі уақытты сол мезет ұмытып қалдым. Оны Рамазан айының соңғы он күнінен іздеңдер», –деген.

Келесі хадисте: «Аллаға серт! Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) оның Рамазанның жиырма жетінші түнінде екенін біліп қойды. Бірақ босап кетулеріңнен қорқып, оны сендерге білдіруді ұнатпаған болатын»– деген.

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және еліміздің барлық мұсылман қауымы осы хадисті негізге ала отырып, Рамазан айының 27-түнін атап өтуді үрдіске айналдырды. Дегенмен, бір түнге шектеліп қалмай соңғы он күннің әр тақ түнінде Қадір түнін күткен жақсы.

Алла Тағала біздерге қасиетті Қадір түнінің мол сауабын алуды және сол түннің қасиетімен кем-қателіктерімізді кешіруді нәсіп етсін.

Жаратқан Алладан елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, әр шаңыраққа бақытты-баянды ғұмыр, ырыс-несібе тілейміз. Дұғаларымыз қабыл болсын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл