Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгіннен бастап Қазақстанда бірқатар өзгеріс болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Банктер қазақстандықтардың шоттары туралы мәлімет бере бастайды7
1 шілдеден бастап екінші деңгейлі барлық банк, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстанның даму банкі және Қазпошта Қазақстан азаматтары мен резидент емес тұлғалардың банк шоттары мен салымдары туралы Ұлттық банкке есеп беруге міндетті болады.
Шілдеде қазақстандықтар қалай демалады?
Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі. 2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істесе, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.
Жаздың екінші айындағы ауы райы болжамы
Шілдеде ауа температурасы қалыпты деңгейде болады, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста климаттық нормадан 1 градус жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері негізінен көп жылдық норма шегінде болады, тек еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мөлшері нормадан артық болады.
Газдың бағасы
1 шілдеден бастап Қазақстанда тауар ретіндегі газдың жаңартылған шекті бағасы енгізіледі. Баға тұтынушылар санатына қарай сараланады:
Қазақстанда кассациялық соттар департаменті құрылады
1 шілдеден бастап Астанада азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Судьялардың жалпы саны 90 адамға жетеді.
1 шілдеден бастап елде сабын, жуғыш заттар, майлықтар мен ұқсас өнімдерді қосқанда жалпы тұрмыстық химияны таңбалау бойынша пилоттық жоба басталады. Жоба шеңберінде кодтарды қолдану тәсілдері, бизнес жобалармен интеграция және таңбалау жүйесінің жұмысы тексеріледі.