Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Күздің екінші айында біршама өзгеріс болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазан айының соңында мектеп оқушыларына күзгі каникул басталады. Демалыс 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
Қазанда қосымша бір күн демалыс беріледі. Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі.
Бес күндік жұмыс аптасы:
2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі, сондықтан демалыс дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:
Қазанда бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.
Алты күндік жұмыс аптасы:
Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазанда бар болғаны 5 күн демалады.
Қарттар күні аталып өтіледі.
Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45-сессияда жариялады.
Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 қазанға дейін пәтер, үй, саяжай, гараж және басқа да жер учаскелерінің иелері 2024 жылдағы мүлік салығын төлеуі керек екенін ескертті.
Салық 1 қазанға дейін төленбесе, келесі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, салық органдары қарыз туралы хабарлама жібереді.
Алғашқы АЭС атауы таңдалады.
Жуырда Қазақстанда алғашқы АЭС атауына байқау басталды. Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады. Қазанның аяғына дейін АЭС-тің үздік атауы анықталады.