Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астананың Есіл ауданында 30 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Оқиға Достық көшесіндегі «Bau» мейрамханасында болған. 1992 жылғы азаматшаны күйеуі ауыр соққыға жыққан. Полиция экс-министр Қуандық Бішімбаевті күдікті деп таныды.
Еске сала кетейік, Бішімбаев 2018 жылдың наурыз айында пара алып, 1 млрд теңгені қалтасына басқаны үшін 10 жылға сотталған. 19 қазанда экс-министр шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болатын.
«Астана қаласының полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болғанын, оның салдарынан әйел адам алған жарақаттары нәтижесінде көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл ауданы полиция департаменті және полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр», – делінген полицияның хабарламасында.
1980 жылы дүниеге келген азамат 2017 жылы қамауға алынғанға дейін жоғары лауазымды қызметтер атқарған. 2009-2010 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қызметін атқарған. Кейін Сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, Самұрық-Қазына қоры басқарма төрағасының орынбасары болған. 2016 жылы Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. Кезінде үкіметтегі ең жас басшылардың бірі болған ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алған.
Күдікті қамауға алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Кей БАҚ өкілдері қаза болған Салтанат Нукенова екенін көмекшісінің растағанын жазуда. Нақты ақпарат пен есімдер сараптамалардан кейін ғана белгілі болады дейді ІІМ өкілдері.