Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлем бойынша адамзат үшін кедейлік деңгейі жоғары болады деп болжанып отыр. Бұл туралы БҰҰ есебінде айтылған.
БҰҰ-ның маманы Оливье де Шуттердің айтуы бойынша, 176 млн адамға кедейлік қаупі төніп тұр. Баяндама барысында мемлекеттердің басым көпшілігінде экономиканы сақтап қалу бойынша уақытша шаралар атқарылып жатыр, алайда олар жеткіліксіз екені айтылды.
"Кедейлік деңгейі күніне 3,2 доллар болған болса, қосымша 176 млн адам кедейлікке ұшырауы мүмкін. Бұл пандемия болмаған кедейлік деңгейімен салыстырғанда 2,3 процентке жоғары болады", - деді ол.
Шуттер дағдарыстан шығу үшін мемлекеттер жоспарлы, батыл қадам жасау керектігін айтты. Себебі болып жатқан жағдайларды ескере отыра, оның ойынша, адамзат дамуына ауыр әсер ететін дағдарыс болары сөзсіз.